KZ

CMI

Байланыстар:
Нұр-Сұлтан қ, Сәтпаев к-сі, 21, НП 7/2
Тел: +7 7172 565079қабылдау бөлімі..

Сапа жөніндегі Директор:
Мусина Динара Канатовна
Тел: + 7 777 504 23 82
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Операциялық менеджер:
Тел: + 7 771 046 48 57
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қызықтыратын позицияларды жіберіңіз (өнімнің атауы, СЭҚ ТН коды, өнімнің сипаттамасы) және біз Сіз үшін тиімді ұсыныс жасай аламыз.

Анықтама телефоны:
+ 7 7172 56 50 79
+ 7 702 607 00 72
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган «Collateral Management International» ЖШС (бұдан әрі - СРО) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде, сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде аккредиттелген және аккредиттелген СРО Бірыңғай Тізіліміне енгізілген.

Біздің компания Ауыл шаруашылығы өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін сертификаттау және декларациялау бойынша қызметтерді ең ірі халықаралық экспорттаушыларға, ауыл шаруашылығы саласының көшбасшыларына, Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО Техникалық реттеу жүйесінде СРО және ҰО аккредиттеудің қолданыстағы салаларына сәйкес ұсынады.

Ұсынылатын қызметтер тізімі:

  • 1. Өнімді міндетті сертификаттау
  • 2. Өнімді ерікті сертификаттау
  • 3. Мағлұмдау

СРО құрылымына белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкестігіне сынақ жүргізуге арналған заманауи, жоғары технологиялық жабдығы бар Ғылыми орталық кіреді.

«Collateral Management International» ЖШС Ғылыми орталығы бакалавриат және магистратура студенттерін бейінді мамандықтар бойынша оқытумен және тағылымдамадан өтумен айналысады. Жоғары білікті мамандар саланың барлық қырларын іс жүзінде оқытып, студенттерге кәсіптік бағдар береді. Біздің орталық «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті», «Қазақ агротехникалық университеті» сияқты Қазақстан Республикасының университеттерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді, бұл студенттер үшін «Collateral Management International» ЖШС-де тағылымдамадан өту сапасы мен кепілдігін қамтамасыз етеді. СРО-да тағылымдамадан өткеннен кейін және тиісті сертификат алғаннан кейін студенттер сапалы теориялық және тәжірибелік білім алады, олар одан әрі жұмыс істеуге және мансаптық саты бойынша ілгерілетуге көмектеседі. Сонымен қатар, біз жас мамандарды біздің компанияжа жұмыс істеуін қуанышпен қолдаймыз, сол себепті Ғылыми орталықта оқу және тағылымдамадан өту арқасында студенттер одан әрі жұмысқа орналасу үшін компанияда жұмыс істеуге қажетті икемділік пен дағдыларды иемдене алады.

СРО басшысы мен қызметкерлерінің біліктілік деңгейі заңнама талаптарына сәйкестігі туралы куәландыратын және тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге құқық беретін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркелген сарапшы-аудиторлардың аттестаттарымен расталады.

Еңбек өтілі 15 жылдан астам, СРО қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы мен жоғары кәсібилігі жоғары деңгейде ұсынылатын қызметтердің сапасына, сондай-ақ міндетті тәртіпте құпиялылығына кепілдік береді.

Клиенттердің үлкен базасы бізге әлемдік алаңдағы кәсіби және сенімді әріптестің іскерлік беделін қамтамасыз етеді.

«Collateral Management International» ЖШС Ғылыми орталығының міндеті дәнді, майлы және дәнді бұршақты дақылдардың сапасы мен қауіпсіздігін анықтау болып табылады. Орталықтың аккредиттелген зертханасы барлық сапалық параметрлерді, анықтау үшін қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған, соның ішінде:

1. Дәнді дақылдарда:

  • органолептикалық көрсеткіштер;
  • зиянкестермен залалдануы;
  • ылғалдылығы;;
  • натурасы;
  • арамшөпті және дәнді қоспалар;
  • мөлдірлігі;
  • желімтектің мөлшері мен сапасының салмақтық үлесі;
  • күлдік (күлдің салмақтық үлесі);
  • құлау саны;
  • ақуыздың мөлшері.

2. Дәнді-бұршақты дақылдарда

  • органолептикалық көрсеткіштер;
  • зиянкестермен залалдануы;
  • ылғалдылығы;
  • арамшөпті және дәнді қоспалар;
  • майлылығы;
  • қышқылдығы;
  • майдың қышқылдық саны.

3. Майлы дақылдарда:

  • органолептикалық көрсеткіштер;
  • ылғалдылығы;
  • зиянкестермен залалдануы;
  • арамшөпті және дәнді қоспалар;
  • майлылығы;
  • қышқылдығы;
  • қышқыл саны.
  • эрук қышқылы (рапс тұқымдары үшін).

4. Астықты, ұнды, кебекті қайта өңдеу өнімдерінде,

  • органолептикалық көрсеткіштер;
  • зиянкестермен залалдануы;
  • ылғалдылығы;
  • күлділік;
  • ұнтақтау ірілігі;
  • шикі желімтектің мөлшері;
  • құлау саны;
  • металл магнитті қоспа;
  • қышқылдығы;
  • ақуыздың мөлшері.

«Collateral Management International» ЖШС Ғылыми орталығында КО ТР 015-2011»Астық қауіпсіздігі туралы», КО ТР 021 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» сәйкес астық сапасы қауіпсіздігінің анықталатын көрсеткіштерінің тізбесі:

  • зиянды қоспа;
  • зиянкестермен залалдануы;
  • микотоксиндер (афлатоксин В1, зеараленон, дезоксиниваленол (вомитоксин), Т – 2 токсин, охратоксин А);
  • пестицидтер (ГХЦГ; ДДТ және оның метоболиттері; гексахлорбензол; сынап органикалық пестицидтер; 2,4 – Д қышқылы, оның тұздары мен эфирлері, диметоат, метазохлор, альфа-циперметрин, имазамокс);
  • уытты элементтер (кадмий, қорғасын, сынап, күшән);
  • бенз(а)пирен.