KZ
Төменге түсіру
01

Қызметтер

Келісімшартты талдау және межелі елдің талаптары бойынша ұсынымдар беру
Тиеу алдындағы инспекция және Астық қолхатының дұрыстығын тексеру
Тауарды тиеп жөнелту кезінде салмақты және/немесе санды бақылау
Элеваторда да, порттарда да тиеп-жөнелтілетін тауардың сапасын бақылау
Кепілді сақтау және сақтау мониторингі
Өнімді сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу
Сапа Төлқұжатын бере отырып, сапаға сараптама жүргізу
Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру
Өндірісті сертификаттау
Тауарлар шығарылған елдің талаптарын сараптау жөніндегі жұмыстарды жүргізу
Сәйкестік декларациясын бере отырып, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) қауіпсіздігін декларациялау
Астық және астық өнімдерінің сапасын (технологиялық, ұн тарту және нан пісіру қасиеттері және басқа да көрсеткіштер) анықтау
02

Фумигация

Элеваторлар мен порттық терминалдардан тиеп жөнелту кезінде астық қорының зиянкестерінен фумигация, дезинфекция, зарарсыздандыру жұмыстарын жүзеге асырады, көлік құралдарының, қоймалардың, сүрлемдердің, үй-жайлардың және жыл сайынғы өңдеу (тех.базалар) кезінде элеваторлардың жабдықтарын өңдеу, арамшөптерге қарсы кез келген аумақтарды өңдеуді жүзеге асырады. Компания әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа препараттарын пайдаланады
Байланыс:
Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 147.
Тел: + 7 7142 39 25 96қабылдау бөлімі..

Директор :
Жумагулов Серик Аканович
Тел: + 7 777 504 23 59
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кеңсе-менеджері:
Тел: + 7 771 046 20 17
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Зертхана меңгерушісі:
Тел: + 7 777 504 23 70
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қостанай қаласындағы филиал

«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС Қостанай қаласындағы филиалының ресми парақшасына қош келдіңіздер. Біздің компания әрдайым өзінің тапсырыс берушісіне бағдарланады және біз қызмет көрсететін әрбір сегментте көшбасшы болуға және Тапсырыс берушілеріміздің табысты бизнесіне ықпал етуге ұмтылысын назарға алады. Сіз «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС-нің сенімді серіктестігі бола аласыз және сіздің жетістікке жетуіңізге көмектесе аламыз деп ойламын.

Құрметпен, Жумагулов Серик Акананович
Қостанай қаласындағы «Baltic Control Kazakhstan»ЖШС директоры

Қостанай қаласындағы «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС - бұл дәнді, майлы, бұршақты дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сапасын/санын/қауіпсіздігін растау бойынша инспекция саласында маманданған тәжірибелі мамандар тобы. Қазақстандық және халықаралық үлгідегі тиісті құжаттарды бере отырып, Қазақстан Республикасының және көршілес облыстарының, сондай-ақ Ресей Федерациясының элеваторлары мен АҚП инспекцияларын жүргіземіз.

Біздің құзырымызға мыналар кіреді:

  • Келісімшартты талдау және межелі елдің талаптары бойынша ұсынымдар беру
  • Тиеу алдындағы инспекция және Астық қолхатының дұрыстығын тексеру
  • Тауарды тиеп жөнелту кезінде салмақты және/немесе санды бақылау
  • Элеваторда да, порттарда да тиеп-жөнелтілетін тауардың сапасын бақылау
  • Кепілді сақтау және сақтау мониторингі

БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ

Тапсырыс берушілерді табысты бизнеске шығуына ықпал ете отырып, қызмет көрсететін әрбір сегментте көшбасшы болу …

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Тапсырыс берушілеріміз үшін шешімдерді, қызмет көрсетуді үнемі жетілдіруге бағытталған сенімді, ұзақ мерзімді серіктес болу, сондай-ақ біздің клиенттеріміз бен қызметкерлеріміз үшін жоғары моральдық мәдениет құру.

БІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫМЫЗ

Біздің ісімізде ымыраға келуге орын жоқ. Жұмыстың маңыздылығы мен түріне қарамастан біз оны барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып орындаймыз.

Кәсіби қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін біз келесі ережелерді басшылыққа аламыз:

  • 1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Тапсырыс берушінің еңбекті қорғау, денсаулық және кәсіби қауіпсіздік саласындағы нормативтік және басқа да талаптарын қатаң сақтау;
  • 2. Еңбек қорғау саласындағы талаптарды заңдарда, заңға тәуелді актілерде, бұйрықтарда, нұсқаулықтар мен жоспарларда жүйелеу;
  • 3. Қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін үздіксіз арттыру;
  • 4. Міндеттерді орындау үшін коммуникация элементтерін құру және Компания қызметкерлерін еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын жан-жақты оқыту.

Қостанай қаласындағы «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС - клиенттің қажеттілігін ескеретін компания. Біз қабылдаған барлық шешімдер мен жүзеге асырылған үдерістер тапсырыс берушілеріміздің мүддесінде ғана іске асырылғанын айқын түсінумен жұмыс істейміз.

Тапсырыс берушімен жұмыс істей отырып, біз әрқашан ұзақ мерзімді және тығыз ынтымақтастыққа бағытталамыз, өйткені бұл біздің құндылықтарымыздың негізі болып табылады.

Біздің әрбір Тапсырыс берушімен қарым-қатынасымыз келесі қағидаттарда құрылады:

  • Тұрақтылық
  • Икемділік
  • Жылдамдық
  • Қабылданған шешімдер негізіндегі серіктестік.

Біздің қызметіміздің сапасын үздіксіз арттыра отырып, бәсекелестің алдында әрдайым бір қадам алда болуға ұмтыла отырып, Тапсырыс берушіге және оның тілектеріне әрдайым көңіл бөлеміз. Осыған бағдар жасай отырып, жаңа стратегия құрудамыз, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырамыз.

Жеке тәжірибе мен командалық жұмысты заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, біздің клиенттерімізге тиімді қызмет түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді. Біз тәулік бойы, аптасына 7 күн және жылына 365 күн жұмыс істейміз.

Филиалдың зертханасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, FOSS, Perten Instruments, Sartorius компаниясының жетекші әлемдік өндірушілерінен экспресс-талдағыштары бар, олар негізгі сапалы көрсеткіштерді жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік береді.

Сапалы көрсеткіштерді анықтау Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары бойынша ғана емес, сонымен қатар ISO, ICC, ISIRI,GB,EN және т. б халықаралық стандарттары бойынша да жүргізіледі.

Сонымен қатар филиал зертханасы дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың өнгіштігі мен өсу қуатын анықтау бойынша сынақ жүргізеді.

Компания үшін ең маңызды басымдық Тапсырыс берушілерге ең жоғары деңгейде қызмет көрсету болып табылады. Бұған өз ісін жақсы көретін және білетін кәсіби ұжымның көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Ол үшін біз «Стандарттау және сертификаттау», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің тәжірибеден өтуі туралы жас мамандарды біздің компанияға одан әрі жұмысқа орналастыру үшін мына ұйымдармен келісімшарт жасадық:

  • «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық универсиеті» ЖМ;
  • «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» МКҚК;
  • • А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ).

Қызметкерлер әр түрлі курстар мен оқыту семинарларында өз біліктілігін үнемі жоғарылатады.

Филиалдың жұмысы - бұл дұрыс және кейбір дәрежеде өз бетінше әрекет ететін теңдестірілген жүйе. Филиал ішінде болып жататын - жұмыс үрдістерінің тиімділігі және ұжым ішіндегі оң көңіл-күй, - тіпті шығатын нәрсе: клиенттермен және серіктестермен тұрақты қарым-қатынас, оң бедел және жоғары әлеуметтік жауапкершілік өте маңызды. Клиент үшін қолымыздан келгенді, тіпті одан артық көмек көрсете алатынымызды сезіндіру маңызды.

Біздің ұжым өте тату, біз адамдардың уақытты бірге өткізуге ұмтылысын қолдауға тырысамыз. Кеңседе тренингтер мен кәсіби оқыту ұйымдастырамыз, жұмыстан тыс уақытта - ұжыммен табиғатқа шығу, корпоративтік іс-шаралар өткізіледі.

Компания үнемі барлық филиалдардың кездесулерін ұйымдастырады, онда компанияда болып жатқан жағдайды талқылайды, мақсаттар қояды, білімдерімен бөліседі және қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер іздейді. Әрбір қызметкердің көңіл-күйі, ішкі және сыртқы мотивациясы біз үшін өте маңызды. Ашықтық үлкен рөл атқарады - кез келген мәселе әңгімелесу, сөйлесу барысында шешіледі. Клиенттермен және серіктестермен қарым-қатынаста адалдық қағидатын ұстанамыз.

Әрбір бизнесмен үшін жақсы қызмет көрсетушіні табу және жұмыста тоқтап тұру болмайтынына сенімді болу маңызды. Клиенттермен жұмыс істей отырып және осындай серіктестік кезінде жауапкершіліктің жоғары деңгейін сезіне келе, Baltic Control Kazakhstan компаниясы өз жұмысын кәсіби және уақытында жасауға тырысады, өйткені олар ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндігін қолдайды. Көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат алу үшін Baltic Control Kazakhstan компаниясының қызметкерлеріне хабарласыңыз. Біздің тәуелсіз қызметтеріміз клиенттеріміздің жұмыс үдерістерінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады, сондай-ақ олардың бизнесінің тұрақты дамуына кепілдік береді.

03

Карта

толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ ҚОСТАНАЙ АҚТӨБЕ ОРАЛ АТЫРАУ АҚТАУ ҚЫЗЫЛОРДА ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАРАҒАНДЫ ПАВЛОДАР СЕМЕЙ ӨСКЕМЕН ТАЛДЫҚОРҒАН АЛМАТЫ ТАРАЗ ШЫМКЕНТ ПЕТРОПАВЛ НҰР-СҰЛТАН КӨКШЕТАУ
толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ толығырақ ҚОСТАНАЙ АҚТӨБЕ ОРАЛ АТЫРАУ АҚТАУ ҚЫЗЫЛОРДА ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАРАГАНДЫ ПАВЛОДАР СЕМЕЙ ӨСКЕМЕН ТАЛДЫҚОРҒАН АЛМАТЫ ТАРАЗ ШЫМКЕНТ ПЕТРОПАВЛ НҰР-СҰЛТАН КӨКШЕТАУ
05

Жаңалықтар

Сіздің пікіріңіз Сіздің қажеттіліктеріңізді барынша қанағаттандыру үшін біздің жұмысымызды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

06

Сертификаттар

Сертификаттың түпнұсқалығын тексеру

«Baltic Control Kazakhstan» компаниялар тобы

Құрамына кіретін компаниялар:

«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС халықаралық инспекторлық компаниясы 2007 жылдың 24 тамызында құрылған.

Бірінші класты Инспекторлық компаниялар тобына кіреді (First Class Inspection Companies) және Қазақстан Республикасы экспорттайтын және импортталатын жүктердің сапасы мен санын импорттаушы елдің халықаралық стандарттары мен стандарттарына сәйкестігіне бақылауды орындайды.

Компания IFIA Инспекторлық компаниялардың Халықаралық Ассоциациясының және инспекциялық компания ретінде және аккредиттелген зертхана ретінде GAFTA Астық Трейдерлері Қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Компанияның басқару жүйесі ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған.

Тауардың болуы мен сапасын растайтын компанияның сертификаттарын барлық жетекші қаржы ұйымдары мойындайды.

Компания мына қызметтерді орындайды:

  • Келісімшартты талдау және межелі елдің талаптары бойынша ұсынымдар беру
  • Тиеу алдындағы инспекция және Астық қолхатының дұрыстығын тексеру
  • Тауарды тиеп жөнелту кезінде салмақты және/немесе санды бақылау
  • Элеваторда да, порттарда да тиеп-жөнелтілетін тауардың сапасын бақылау
  • Кепілді сақтау және сақтау мониторингі

«Baltic Control KZ Certification» ЖШС ҚР СТ ISO 17025, ҚР СТ ISO 17065 жүйесінде, GAFTA астық трейдерлерінің халықаралық ұйымы, Қазақстан Республикасының барлық астық егетін аймақтарындағы және Ақтау портындағы астық және астық өнімдерінің сапасына сараптама және қауіпсіздігін бағалау жүргізетін 6 зертханадан тұратын біріктіруші желі.

Компания жоғары кәсіби мамандармен жабдықталған, бұл өнімді сапалы және қысқа мерзімде сертификаттық сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Көрсетілетін қызмет түрлері:

  • өнімді сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу
  • сапа Төлқұжатын бере отырып, сапаға сараптама жүргізу
  • сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру,
  • Сәйкестік декларациясын бере отырып, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) қауіпсіздігін декларациялау;
  • тауарлар шығарылған елдің талаптарын сараптау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
  • астық және астық өнімдерінің сапасын (технологиялық, ұн тарту және нан пісіру қасиеттері және басқа да көрсеткіштер) анықтау
  • өндірісті сертификаттау