KZ
Байланыс:
г.Петропавловск, ул. Казахстанской Правды, 66.

Директор :
Зубрилина Марина Александровна
Тел: + 7 777 504 23 56
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кеңсе – менеджері:
Тел: +7 777 504 23 60
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Зертхана жетекшісі:
Тел: +7 777 533 04 96
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Петропавл қаласындағы филиал

Мен Сіздерді «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС компаниясының атынан қарсы алғаныма қуаныштымын. Біздің компания әрдайым өз клиенттеріне бағытталған және тығыз, әрі өнімді ынтымақтастыққа мүдделі.

«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС астық сапасы мен көлемін бақылау саласында жетекші орынға ие болды. Петропавл қаласының филиалы Солтүстік Қазақстан және көршілес облыстардың барлық элеваторлары мен АҚП, сондай-ақ басқа да республикаларда астық, майлы және дәнді-бұршақты астықтың сапасы мен салмағын сараптау бойынша инспекциялар өткізеді.

Біз өз клиенттерімізді мақтан тұтамыз және біздің еңбегіміздің үлесі бар іскерліктегі жетістіктеріне қуанамыз.

Құрметпен, Зубрилина Марина Александровна
Петропавл қаласындағы «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС директоры

Петропавл қаласындағы «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС - көп жылдық тәжірибесі, үлкен еңбекқор және кәсіпқой қызметкерлері бар ұжым. Біз астық, майлы, бұршақты дақылдар және оларды қайта өңдеу өнімдерінің сапасын, санын және қауіпсіздігін растау бойынша инспекция саласында білім аламыз. Біздің филиал Солтүстік Қазақстан облысының және ҚР көршілес облыстарының элеваторлары мен АҚП-де халықаралық және ішкі инспекцияларды жүргізеді, халықаралық және қазақстандық үлгілердің тиісті құжаттарды береді.

Ұсынылатын қызметтер:

  • Келісімшартты талдау және межелі елдің талаптары бойынша ұсынымдар беру;
  • Тиеу алдындағы инспекция және Астық қолхатының дұрыстығын тексеру;
  • Тауарды тиеп жөнелту кезінде салмақты және/немесе санды бақылау;
  • Элеваторда да, порттарда да тиеп-жөнелтілетін тауардың сапасын бақылау;
  • Кепілді сақтау және сақтау мониторингі;
  • Сапа Төлқұжатын бере отырып, сапаға сараптама жүргізу;
  • Астық және астық өнімдерінің сапасын анықтау.

БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ

Өз құзыреттілігін кеңейте отырып, үнемі жетілдіріліп отыру, бұл біздің клиенттерімізге өз бизнесінде табысқа жетуге көмектеседі.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Біздің клиенттерімізге өзара тиімді ынтымақтастық үшін ең жақсы жағдайлар жасау, сонымен бірге біздің қызметкерлерімізді лайықты еңбек төлемімен жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

БІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫМЫЗ

Біз ең жақсы нәтижеге жету үшін белгілі бір қағидаттарды ұстанамыз.

  • 1. Компания қызметкерлері компанияның дамуына және Клиенттермен өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған оның қызметтерінің сапасын жақсартуға жұмылдырылған.
  • 2. Клиенттермен қарым-қатынас ашық және өзара тиімді жағдайларға негізделеді, өйткені біздің компанияның дамуы клиенттің табысты қызметіне тікелей байланысты.
  • 3. Клиенттермен жұмыс істеу кезіндегі мобильділік және икемділік.
  • 4. Компанияның табысты қызметі білікті кадрлармен қызметтік міндеттерін мінсіз орындаумен байланысты.
  • 5. Қызметкерлердің құзыреттілігі мен уәждемесін тұрақты арттыру.
  • 6. Корпоративтік мәдениет пен командалық рухты қалыптастыру.

Петропавл қаласындағы ТОО «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС астық жүктерін және оның қайта өңдеу өнімдерін инспекциялау бойынша жетекші компания ретінде өз позициясын нығайтуға ұмтылады. Біздің компания әрқашан клиенттеріміздің мүддесі үшін жұмыс істейді.

Клиенттермен жұмыс істеу кезінде біздің компания әрдайым ұзақ және өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған. Өз клиенттерімізге бағдарлана отырып, біз барлық талаптарға сай келетін ең жақсы қызметтерді қысқа мерзімде ұсынуға тырысамыз.

Біздің филиалдың зертханасы заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл бізге халықаралық стандарттар бойынша (ISO, ICC,ISIRI,GB, EN және т. б.) және ҚР стандарттары бойынша жоғары сапалы көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің филиалда қызметкерлерді оқыту үнемі жүргізіледі, сонымен қатар біздің мамандар әр түрлі семинарлар мен курстарда өз білімдері мен дағдыларын әрдайым арттырып отырады.

«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС мен «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК арасында 2016 жылғы 12 қазанда бірыңғай ақпараттық ғылыми-білім беру ортасын құру және білім және ғылым саласындағы әріптестік, ынтымақтастықтың тиімді нысандарын әзірлеу және іске асыру туралы келісім жасалды.

«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС студенттердің тәжірибеден өтуіне тікелей ат салысады және мамандарды жұмысқа орналастыруға және олардың мансаптық өсуіне белсенді қатысады. .

Ұсынылатын қызметтер бойынша толық ақпарат алу үшін тікелей компания филиалына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Біз Сізді күтеміз !